Әлемде

ҚР Президенті «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысты

Қазақстанның СІМ басшысы үнді әріптесі С.Джайшанкармен екіжақты келіссөздер жүргізіп, тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету жолдарын, оның ішінде алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар мәселелерін талқылады.

Newsroom.kz порталы – Үндістан астанасы Нью-Делиде Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманям Джайшанкардың шақыруымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Орталық Азия – Үндістан» диалогы Cыртқы істер министрлерінің 3-ші кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілетеме жасап

Іс-шараға Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов, Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Казакбаев, Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сирожиддин Мухриддин, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысты.

Кездесу барысында сыртқы істер министрлері көпжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын және экономикалық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру, оның ішінде өзара сауда, инвестиция, өнеркәсіп және Үндістанмен көлік байланысын нығайту мәселелерін талқылады.

Қатысушылар заманауи сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етудің маңыздылығын атап өтті. Аймақтағы экологиялық проблемаларды шешу, трансұлттық қатерлердің алдын алу, сондай-ақ мәдени алмасуды нығайту жолдарын талдады. Орталық Азия өңіріндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылып, Диалогтың басым бағыттары белгіленді.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңыздылығын атап, осы форумның институционалдық тетіктерін жетілдіру, өңіраралық сауданы әртараптандыру, транзиттік бағыттар мен жасыл энергетиканы дамыту, сондай-ақ қаржы технологиясы, цифрландыру және IT индустриясы сияқты бағыттар бойынша өңірлік өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Форумның қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» диалогы Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

Сол күні Қазақстанның СІМ басшысы үнді әріптесі С.Джайшанкармен екіжақты келіссөздер жүргізіп, тараптар екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді, сондай-ақ елдер арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету жолдарын, оның ішінде алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шаралар мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволары басшыларының Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен ұжымдық кездесуі өтеді деп күтілуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.