Әлемде

Путин қайта сайлана ма: өзі не деді?

0
(0)

Кремльде шетелдіктердің қатысуымен өтіп жатқан «Россия зовет!» форумында Ресей президенті В.Путин өзінің қайта сайлануы туралы айтты деп жазады newsroom.kz порталы vesti.ru басылымына сілтеме жасап.

В.Путиннің сөзінше ол әлі нақты шешім қабылдамаған.

«Менің жоспарларыма келетін болсақ, Конституцияға сай мен тағы да сайлана алам. Ол туралы әлі шешім қабылдамадым. Алайда, бұндай құқықтың өзі ішкі саяси ахуалды тұрақтандырады» – деп жауап берді Қазақстанмен ең шекарасы ұзын көрші ел Ресей президенті шетелдіктермен кездесуінде.

«Меніңше, қайта сайлануым Ресейдің негізгі мақсаты емес» – деп қоса кеткен В.Путин АҚШ президенті Д.Байденнің келесі сайлауға түскісі келетін ниетін дұрыс деп құптаған. Оның пікірінше Байден «абсолютті тұрғыда дұрыс істеген».

 7 591 шақырымға жететін Ресей мен Қазақстанның шекарасы әлемдегі ең ұзын құрлықтағы шекара.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button