Әлемде

Жұрттың баласы: Украинадағы халық санағына Apple қатыспақ

4
(1)

Украина халық санағына сандық технологияларды енгізгелі отырған әлемдегі екінші компания болмақ деп жазады unian.ua сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.

Цифрлық трансформация министрлігі елдегі халық санағына америкалық Apple компаниясын тарту үшін тиісті Меморандум бекіткен. Бұл туралы ел президенті М.Зеленский өзінің Туйттер парақшасында жазған.

«Бүгін цифрлық министрлігіміз бен технологиялық алып арасында маңызды Меморандумға қол қойылды. Цифрландыру біздің алдымыздағы маңызды міндеттердің бірі» – деп жазды Зеленский. Украин тарапы онымен қоса Эпл басшылығын 2022 жылы өткізетін Diia Summit шарасына қатысуға және шақырған.

Айта кететін жайт, 2019 жылдың 1-ші желтоқсанындағы мәлімет бойынша, Украинада 37 млн 289 мың 300 адам өмір сүрген. Бұл мәліметтерге Қырым мен Донбасс тұрғындары кірмеген.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button