Әлемде

Түрік кофесін ішіп көрдіңіз бе?

4.2
(20)

Түркияға барсаңыз олардың өмірі кофемен қаншалықты тығыз байланысты екенін байқайсыз. Бұл туралы Түркиядағы Newsroom+ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Әлия БОСТАН баяндайды.

Олар кофені қыз айттырғанда, үйлену тойларда, достармен кездескенде, туған-туыстар жиналғанда, тіпті, ресми кездесулерде ішеді. Мысалы, кез келген жерге барғанда сізден бірден: “Не ішесіз? Кофе, шай, су?», – деп сұрайды. Кофе ішкіңіз келсе, «қандай болсын?» дейді.

Şekerli – Қантпен (шекермен)

Şekersiz – Қантсыз (шекерсіз)

Orta – орташа қантпен

Өте қою және ащы болатындықтан, Түркияға келген қазақтар бірден қанты өте көп салынғанын таңдайды. Бір қызығы, түріктердің «таңғы ас» («kahvaltı») сөзі «кофенің алдында» деген мағынаға келеді екен. Яғни таңғы астан кейін кофе ішіледі деген сөз. Сонымен қатар мұнда «Бірге ішкен бір шыныаяқ кофенің 40 жылдық естелігі бар» деген түсінік бар.

Түрік кофесі дегеніміз не? Ол басқа кофелерден несімен ерекшеленеді?

Басты ерекшелігі: өте қатты ұнтақталған кофе. Оны арнайы ыдыста қантпен не қантсыз көбігі көтерілгенше қайнатады. Көбігі неғұрлым қатты көтерілсе, соғұрлым шебер дайындалған деген сөз. Қайын енелері келіндерін кофенің бетіне шыққан көбігімен сынайды. Біздегі, қазақтарда шәйдің қоюлығына қарағаны сияқты. Түрік кофесі кішкене ғана мөлшерде, өте ыстық күйінде беріледі. Әдетте кофемен бірге салқын су және лукум (Лукум – төрт бұрышты текше пішінді крахмал қосып қант-сірне шырынынан қайнатып жасаған желе секілді тағам) ұсынылады.

Түрік кофесін бірден ішуге болмайды, шамалы тұнуына уақыт беру керек. Айтпақшы, түрік кофесі 8-10 лира тұрады. Яғни, 450-570 теңге.

P.S. Сізге де Түркияға келіп нағыз түрік кофесінің дәмін көру бұйырсын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 20

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button