Әлем

АҚШ алғаш рет 2001 жылғы жарылысты ұйымдастырған лаңкестердің видеосын жариялады

жарылыс

Америкалық CBS News телеарнасы алғаш рет 2001 жылы 11 қыркүйекте Нью-Йорктегі егіз мұнара мен Вашингтондағы Пентагон ғимаратына шабуыл ұйымдастырған лаңкестердің видеосын жариялады деп хабарлады newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео Ұлыбритания сотының шешімінен кейін 11 қыркүйектегі шабуыл құрбандарының отбасыларына қолжетімді болды. 20 сағаттан асатын видео және аудиожазбалардан басқа, жұртшылыққа 14 мыңнан аса парақтан тұратын құжаттар жарияланды.

Бейнежазба шабуылдан екі апта өткен соң Англияда Сауд Арабиясының азаматы Омар әл-Баюмиден алынған. Кадрларда 2000 жылдың ақпанында Сан-Диегодағы пәтерде болған Наваф Әл-Хазми мен Халид Әл-Мидхар көрсетіледі. Дәл осы адамдар кейін Нью-Йоркте, Пентагонда және Пенсильванияда ұшақтарды басып алып, шабуылдарды ұйымдастырған. Сол шабуылдардан 3 мыңға жуық америкалықтың өмірі қиылған еді.

Әл-Баюми шабуылдарды ұйымдастыруға көмектесті деген күдікке ілінген, бірақ кейін босатылды. CBS News онымен Сауд Арабиясының елшілігі арқылы байланысуға тырысқан, бірақ тек «11 қыркүйектегі шабуылдарға Сауд Арабиясының қатысы бар деген кез келген мәлімдеме жалған» деген жауап алды.

Жаңа дәлелдер пайда болуына байланысты, телеарна әл-Баюмиге қарсы тергеуді қайта бастау мүмкіндігіне қатысты Федералдық тергеу бюросына ресми сауал жіберген. Ведомство түсініктеме беруден бас тартты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.