Әлемде

Армения: Түркия ұшағымызды атып түсірді

4.3
(12)

Арменияның қорғаныс министрлігі «Түркияның F-16 жойғыш ұшағы Арменияның Су-25 ұшағын құлатты, ал ұшқыш қаза тапты» деп мәлімдеді.

«Оқиға бүгін түсте болған. Түркияның ұшағы Әзірбайжанның Гяндж қаласындағы әуежайдан көтеріліп, шабуылға шыққан әзірбайжандық ұшақтарды әуе кеңістігінде қорғаған. Әзірбайжандық ұшақтар мен ұшқышсыз әскери дрондар Варденис, Мец Масрик және Сотк аймақтарына соққы жасаған. Арменияның әуе шабуылын қамтамасыз ету үшін көкке көтерілген Су-25 ұшағын Түркияның F-16 ұшағы атып түсірген. Түркия ұшағы еліміздің аумағына 60 шақырымға кіріп, 8200 метр биіктіктен соққы жасаған»,-деп хабарлады армян әскерилері.

Алайда Түркия мен Әзірбайжан бұл хабарламаны жоққа шығарды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 12

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close