Әлем

Румынияда «Let’s discover Kazakhstan» эссе байқауы өтті

Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің дереккөздеріне сүйене отырып, Қазақстанның Бухаресттегі Елшілігі Еліміздің Республика күніне орай, EURISC қорымен және Шығыс елдерінің саясат және экономика институтымен бірлесе отырып, «Let’s discover Kazakhstan» атты эссе байқауын ұйымдастырды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Байқауға қатысу үшін он түрлі университеттің студенттері, атап айтқанда, Бухарест университеті, Бабеш-Бояй ат. университеті, Ұлттық саясаттану және мемлекеттік басқару мектебі, Әскери-техникалық академия, Генри Коандэ ат. Әуе күштері академиясы және т.б. Байқауға қатысушылар «Жаңа Қазақстан» тақырыбына, сондай-ақ Қазақстан-Румыния қарым-қатынасының даму болашағына арналған 5 мың сөзден тұратын шығарма жазуы керек болды.

Жұмыстарды доктор Ливиу Мурешан және Флавиус Каба-Мария секілді саясат және экономика саласындағы сарапшылардан тұратын кәсіби қазылар алқасы бағалады.

Байқау комиссиясы бірінші орынды Бухарест университетінің докторанты Андрей Попа, екінші орындарды Швецияның Лунд университетінің Бухаресттік филиалының магистранты Иваз Лакримиоара мен Әскери-әуе күштері академиясының курсанты Мария Миля, үшінші орындарды – Бабеш-Бояй ат. университетінің студенті Мария Тивадар, Бухарест университетінің магистранты Андра Кирица және Әскери-техникалық академияның курсанты Андрей Додоц алды деп анықтады.

Нәтижесінде байқау жеңімпаздары құрмет грамоталарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар бұл румын жастарының үлкен қызығушылығын тудырған сайысты жыл сайын өткізуді ұйғарды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.