Әлем

442 жыл бойы төбесіне бірде-бір құс қонбаған мешітті білесіз бе?

Шемси Ахмет паша 1580 жылы сәулетші Мимар Синанға салғызған Үскудардағы «Қушконмаз» мешіті Әлемдегі құрылыс таңқаларлық құлшылық үйлерінің бірі әрі бірегейі.

Шемси Паша мешіті немесе халық арасында белгілі болғандай «Кушконмаз» мешіті Үскүдар жағалауында орналасқан.

Ғимараттың ең бір таңғаларлық тұсы – оның мұнарасына немесе күмбезіне еш уақытта құстар қонбайды екен.

Тарихына келсек;

Өте кірпияз адам болған Шемси паша сәулетші  Мимар Синанға «Үстінен құс ұшпайтын және саңғытпайтын, кірлетпейтін» бір  мешіт салдырғысы келетінін жеткізеді.

Мимар Синан Үскүдарда өзінің сәулетшілік парасаты мен ғылымның жетістігін ұштастыра отырып, солтүстік пен оңтүстіктен соғатын  желдің қиылысатын нүктесін табады.

Сондай –ақ біраз уақыт толқындар жағаға соққан кезде мешіттің ішінде пайда болатын тербелістерді де зерттейді.

Сәулетші Синан мешіт ішіндегі дыбыс акустикасын  да жақсы білетін еді.

Солтүстік пен оңтүстіктен соққан жел тоғысқан, толқын жағаны соққан жерде шығатын діріл дыбыстары құстардың мазасын қашыратынын анықтайды.

Осылайша,  Босфор бұғазының бірде салқын, бірде жылы, бірақ үнемі желді, кейде ашулы толқын қабырғаларын соғып тұратын жерге  мешітті салуды ұйғарады.

Міне, Үскүдар символдарының бірі Кушконмаз мешітінің қысқаша тарихы осы деп жазады Yunus Emre Enstitüsü өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 55

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.