Әлем

Африканың бір мемлекеті цифрлық валютаға өтіп кетті

Hyperledger Fabric блокчейнінде жұмыс істейтін жаңа электронды валюта – eNaira деп аталады.

Алыс Африкадағы Нигерия мемлекеті континенттегі цифрлық валютаға өткен тұңғыш ел болып отыр. Бұл туралы reuters.com басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Hyperledger Fabric блокчейнінде жұмыс істейтін жаңа электронды валюта – eNaira деп аталады. Бұл валюта түрі елдің ресми ақшасы – найраның курсына теңестіріліп отырады екен.

Ел президенті Мухаммаду Бухаридің сөзінше бұл қадам елдің алдағы он жылдығында 29 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция әкелуі мүмкін. Салық базасының жұмысын да нығайтады деген оның сөзінше криптовалюта елге тартылатын инвестицияға да оң әсер етеді.

Цифрлы Валютаның Орталық Банкін қадағалайтын Атлантикалық кеңестің мәліметінше қазір бес ел ЦВОБ қызметін бастап кетсе, одан өзге Оңтүстік Корея, Швеция секілді елдер бастаған он төрт ел пилоттық режимде жұмыс істеуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.