Әлем

Шешелері қайтыс болған президенттің жиендері денсаулық сақтау министрін шырылдатып сабаған

Денсаулық сақтау министрін шырылдатып сабаған

COVID-19 дертінен қайтыс болған тәжік президентінің қарындасы Құрбанбибі Рахманованың үш ұлы: Фахриддин, Фарух және Зиедалы елдің денсаулық сақтау министрі Джамолиддин Абдуллозоданы сабап тастаған.

Президенттің жиендерін тоқтатуға Эмомалидің үлкен ұлы – Рустам Эмомалидің ғана шамасы жеткен. Бұл туралы centralasian.org сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Германия, Ресей және Өзбекстаннан келген дәрігерлер емнің басында қате қойылғанын айтқан. Жағынан соққы алған денсаулық сақтау министріне қоса 64 жастағы Құрбанбибі Рахмонова емделген медициналық орталықтың басшысы да басынан жарақат алған. Президенттің қарындасының қазасынан соң, елдің ІІМ іс қозғаған. Бірақ әлі ешкімді қамап, соттамаған.

Елдің Дангар аймағына 21 шілде күні жерленген Э.Рахмонның қарындасы 20 шілде күні қайтыс болған. Бұл туралы newsroom.kz басылымы алғашқылардың бірі болып хабарлаған еді. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.