Әлем

Сұлу боламын деп ажал құшты. Пластикалық отадан кейін спортшы қыз қайтыс болды

 

Ташкентте жеке клиникалардың бірінде пластикалық отадан кейін белгілі өзбек семсерлесушісі, халықаралық деңгейдегі судья Аида Хасанова қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz  kun.uz-ге сілтеме жасап.

23 мамырда Ташкенттегі жеке клиникалардың бірінде косметикалық ота жасаған 39 жастағы әйелдің жағдайы күр нашарлаған. Дәрігерлердің шешімімен ол басқа ауруханаға ауыстырылып, бірақ кешке реанимацияда қайтыс болған.

Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта Чиланзар ауданының прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізуде.

Өзбекстан семсерлесу Федерациясының ресми сайтында белгілі семсерлесуші, халықаралық деңгейдегі судья Аида Хасанованың қайтыс болуына байланысты көңіл айтылады.

1983 жылы Ташкентте дүниеге келген Аида Хасанова Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы, 2001-2006 жылдардағы Орта Азия чемпионы, 2005 жылы Англияда өткен халықаралық турнирдің алтын жүлдегері,
2014 жылы ол Өзбекстан тарихындағы үш қаруды қолданатын семсерлесу бойынша алғашқы халықаралық судья болды. Сол жылдан бастап ол халықаралық семсерлесу Федерациясының (FIE) төрешісі, ірі халықаралық чемпионаттар мен турнирлерде жұмыс істеді.

2015 жылы Хасанова Өзбекстанның төрешісі ретінде әлем және Азия чемпионаттарының финалдық раундына алғаш рет қатысты. 2017 жылдан бастап семсерлесуді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан семсерлесу федерациясының бас судьясы болып тағайындалды. Ол халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген көптеген спортшыларды тәрбиеледі.

2019 жылы Токиода өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Өзбекстан мен Орталық Азиядан бірінші төреші болып сайланды. Токио Олимпиадасында ол Азиядан келген жалғыз әйел семсерлесу төрешісі болды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.