Әлемде

Ауған халқы азық-түлік пен дәрі-дәрмекке зәру

0
(0)

Ауған халқы азық-түліктен бөлек дәрі-дәрмектен таршылық көріп отыр. Себебі, елде бір аптаға ғана жететін препараттың қоры қалған. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмекті Кабул әуежайы жабылғандықтан, Ауғанстанға жеткізе алмай отыр екен. Сондай-ақ, елдегі дүрбелеңге байланысты коронавирус жұқтырғандардың қатары артып, халықты вакциналау қарқыны төмендеген, деп хабарлайды NewsRoom.kz. порталы «Еуразия» бірінші арнасыны сілтеме жасап.

Ауған халқы азық-түліктен бөлек дәрі-дәрмектен таршылық көріп отыр. Себебі, елде бір аптаға ғана жететін препараттың қоры қалған. Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Халықаралық қауымдастық гуманитарлық көмекті Кабул әуежайы жабылғандықтан Ауғанстанға жеткізе алмай отыр екен. Сондай-ақ, елдегі дүрбелеңге байланысты коронавирус жұқтырғандардың қатары артып, халықты вакциналау қарқыны төмендеген. Ал, Үлкен жетілік құрамындағы елдер Ауғандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді. Онлайн форматта болған шарада халықаралық қауымдастық тәліптерден 31 тамызға дейін елден кеткісі келген барлық азаматқа кедергі келтірмеуін талап етті. Бейбіт тұрғындар Ауған жерінен эвакуацияланған жағдайда ғана радикалды ұйымның жетекшілерімен мәмілеге келмек.

«Бейбіт тұрғындар мен АҚШ әскерін Ауған жерінен эвакуациялау операциясын тезірек аяқтауымыз қажет. Оған радикалды топ өкілдері де көмектесіп жатыр. Бірақ, халықаралық қауымдастық тәліптердің іс-әрекетіне қатысты баға береді. Содырлардың сөзіне сенбейміз. Келіссөз сәтті аяқталған күннің өзінде күтпеген жағдайларға дайын болғанымыз жөн»,-дейді АҚШ президенті Джо Байден.

«Үлкен жетілік» елдерінің қарсылығына қарамастан АҚШ билігі Ауғанстан жеріндегі миссиясын тезірек аяқтауға ниетті. Бұған дәлел ретінде шетелдік басылымдар АҚШ орталық барлау басқармасының басшысы мен Талибан радикалды қозғалысының көсемі Кабулда жасырын кездесу өткізгені жөнінде жарыса жазып жатыр. Екі тарап қандай шешімге келгені әзірге белгісіз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button