Әлем

Борис Джонсон: Екпеге қарсы шыққандардың есі дұрыс емес

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон маусымдық тұмау екпесіне қарсы шығушыларды сынға алды.Бұл туралы  «Хабар 24» арнасына Newsroom+Ақпарат агенттігі сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы Лондондағы ауруханалардың бірінің мейірбикелерімен кездесу кезінде: «Қазір екпелерге қарсылық танытушылар көп. Олардың есі дұрыс емес» деп бірнеше рет қайталады.

Айта кетейік, Ұлыбритания билігі алдағы уақытта халықты тұмауға қарсы егу бойынша ауқымды шара өткізуді жоспарлап отыр. Азаматтардың кей тобын тегін егу де қарастырылған. Осылайша жергілікті билік коронавирустың екінші толқыны алдында денсаулық сақтау саласына түсетін жүкті жеңілдетуді көздеп отыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.