Әлемде

Уилл Смит «Оскардағы» жанжалдан кейін Үндістанға кетіп қалды

Уилл Смит

Голливуд жұлдызы, актер Уилл Смит Америкадан кетіп қалды. Оны соңғы рет Үндістанда Мумбай қаласының әуежайынан көргендер бар деп хабарлады newsroom.kz порталы Page Six-ке сілтеме жасап.

Әзірге 53 жастағы актердің Үндістанға жеке джетпен не үшін ұшқаны белгісіз. Өйткені ол таяуда ғана жергілікті жанкүйерлермен суретке түсіп, «Оскар» тапсыру рәсіміндегі жағдайға қарамастан, жақсы көңіл-күйде болған.

Сонымен, Үндістан әуежайында жүргені – актердың «Оскар-2022» дау-дамайынан кейінгі алғашқы көрініс. Еске сала кетсек, Уилл Смит тікелей эфирдегі сол шарада сахнаға атып шығып, әйелі Джада Смитті әжуалаған Крис Рокты жақтан шапалақпен тартып жіберген еді. Себебі әйелі шаштың патологиялық түсуінен зардап шегіп келеді. Соны әзілге айналдырғысы келген әріптесінің әрекеті Уилл Смиттің шамына тиген.

Кейін актер сол жайт үшін Крис Роктан да, өзінің жалпы жанкүйерлерінен де кешірім сұрады. Бірақ жанжалдың соңы оны американдық кино академиясына мүшеліктен және бірқатар келісімшарттардан айырып тынды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.