Әлем

«Такеда Қазақстан» компаниясы әлемдегі ең үздік жұмыс берушілер қатарында

Компания 30 жылдан астам қызмет етіп келеді

«Такеда Қазақстан» компаниясы Top Employer халықаралық сертификаттауынан өтіп, Қазақстан мен Еуропадағы осы жылғы ең үздік жұмыс берушілердің бірі болып танылды. Бұл статусты «Такеда Қазақстан» үшінші жыл қатарынан иеленді. Сондай-ақ, Takeda жаһандық деңгейде бесінші рет «Әлемдегі ең үздік жұмыс беруші 2022» атанды. Биыл компания төрт аймақта және 39 елде аккредитациядан өтті, олардың 24-і Қазақстанды да қамтитын «Өсуші және дамушы нарықтар» аймағына жатады.

– «Такеда Қазақстан» компаниясы үшінші жыл қатарынан «2022 жылғы ең үздік жұмыс беруші» деп танылды, бұл  — біз үшін үлкен мәртебе. Біз қызметкерлерімізді табысты болуға жігерлендіріп отырамыз және оны басты міндетіміз деп санаймыз. Мұндай тәсіл біздің қызметкерлердің әлеуетін барынша ашуға және «Өсуші және дамушы нарықтар» аймағындағы пациенттердің денсаулығын жақсартуға септігін тигізетініне сенімдіміз.  Пандемия жағдайында қызметкерлерге ерекше көңіл бөлу қажет. Әріптестерімізді қолдап, олардың жеке тұлғалық саналуандығын ашуға жағдайды ұйымдастырып және сенімге негізделген мәдениетті дамыта отырып, біз адамдар үшін мықты денсаулық пен әлем үшін жарқын болашақты қалыптастыруға ықпал етеміз, – деп атап өтті Украина және ТМД кластерінің персоналмен жұмыс жөніндегі директоры Айжан Кенже.

Top Employers Institute компаниясының бас директоры, Дэвид Плинк, былай деді, – Біз жұмыс берушілер үшін де, қызметкерлер үшін де кезекті күрделі жыл туралы ой жүгіртіп жүрген кезде, Takeda компаниясы қызметкерлерге жаһандық және жергілікті деңгейде өзінің адалдығын көрсетуді жалғастыруда. Біз Takeda-ны тағы бір мәрте «Әлемдегі ең үздік жұмыс беруші» сертификатын иеленуімен құттықтаймыз.

Takeda-ның орасан еңбегі халықаралық деңгейде мынадай санаттарда еленген: этика және мәдениет, құндылықтар, бизнес-стратегия, ұйымдастырушылық құрылымды өзгерту, сондай-ақ жұмыс беруші брендингі. Компания Top Employers Institute сауалнамасына қатысушы барлық 39 елде сертификат иеленген, бұл ретте екі елде сертификат алғаш рет берілгенін айта кеткен жөн.

Төменде Takeda ең үздік жұмыс беруші статусын алған аймақтар мен елдердің толық тізімдемесі келтірілген:

  • Африка: Алжир
  • АзияТынық мұхит аймағы: Австралия, Қытай, Гонконг, Индия, Индонезия, Жапония, Малайзия, Филиппин, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань және Тайланд.
  • Еуропа: Австрия, Франция, Германия, Ирландия, Италия, Қазақстан, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Сербия, Испания, Швейцария, Түркия, Ұлыбритания және Украина.
  • Латын Америка: Аргентина, Бразилия, Колумбия, Эквадор, Мексика мен Перу.
  • Таяу Шығыс: Израиль, Сауд Аравиясы және Біріккен Араб Әмірліктері.
  • Солтүстік Америка: АҚШ.

Top Employers Institute Халықаралық компаниясы 30 жылдан астам қызмет етіп келеді және жыл сайын қызметкерлердің кәсіби және жеке өсуіне барынша жағдай жасай отырып, персоналды дамыту саласындағы ең жоғары стандарттарды сақтайтын компанияларды атап өтеді. Top Employers Institute «Персоналды басқару саласындағы ең үздік практикалар» зерттеулері нәтижесінің негізінде ұйымдарды сертификаттайды. Зерттеу мансапты дамыту мүмкіндіктері және оқыту бағдарламалары, ішкі корпоративтік мәдениет және құндылықтар, саналуандық және инклюзивтілік, қызметкерлердің игілігі және жұмыс ортасы сынды компанияның кадр саясатының 20 аспектісін бағалайды. Компания қызмет еткеннен бері бес құрлықтағы 120 елде 1600-ден астам компания сертификатталған.

Ең үздік жұмыс берушілер институты және ең үздік жұмыс берушілерді сертификаттау туралы толық білгіңіз келсе www.top-employers.com сайтына кіріңіз.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.