Әлемде

Құтты болсын! Моңғолиядағы қандасымыз ең жоғары орденмен марапатталды (фото)

5
(2)

Моңғолияндағы қандасымыз моңғол мемлекеттік Жоғарғы дәрежелі орденімен марапатталды. Бұл туралы сенімді дереккөздерге сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухтің Жарлығымен мемлекетке көптеген жылдар бойы абыройлы қызмет атқарған Төлеу Масғұтұлы«Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталыпты.

Орденді 24 желтоқсан күні Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хурал мүшесі Әубәкір Тілеуханұлы табыс еткен.

Салтанатты шараға Баян-Өлгей аймақтық Азаматтық өкілдер құрылтайының төрағасы Н.Бейбітхан мен аймақ әкімі Б. Дәлелұлы қатысқан.

Төлеу Масғұтұлы бұған дейін де, «Алтын жұлдыз» және «Шыңғыс хан» ордендерімен марапатталған. Қазіргі уақытта бас есепші қызметін атқарады екен.

Т.Масғұтұлы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағының депутаты, Дэлуін сұмындық (біздіңше – аудан) құрылтай төрағасы, Дэлуін сұмындық депутаты болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button