Әлемде

Неге Иранның ЕЭО-ға кіруі Қазақстан үшін тиімді болмақ?

2
(1)

Иран парламентінің спикері алдағы екі аптада ЕЭО-ға кіруі мүмкін деген мәлімдеме жасады.  Дегемен бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

ЕЭО комиссиясы Иран тарапынан әлі мұндай ұсыныс түспегенін хабарлады. Соған қарағанда Тегеран тарапы Одаққа қосылудың әкімшілік жақтан талаптарын қарастырмаған секілді.

Иранның Еурзия экономикалық одағына өту екі жаққа да тиімді. Себебі мұнда индустрия саласы дамыған және инвестиция мәселесі бар. Қазір еуропадан инвесторларды шақыру оңайға соғып жатпағанын ескерсек, Иран ЕЭО-дағы елдерге инвестиция жасауға дайын отыр.

Иран Ресей және Армениямен бірлесіп еуразиялық электр энергетикалық дәліз құруға қатысады. Энергетикалық дәліз арқылы РФ- Грузия- Армения- Иран өзара электр энергиясын пайдалау арқылы көрші елдермен де байланыс орнатқысы келеді. Соның ішінде Таяу шығысты алайық.

Иранның бұл қадамы Түркия мен АҚШ-тың Каспий арқылы Орта Азиядағы сауданы нығайтуға бағытталған жобаларына тосқауыл болуы мүмкін. Ал бұл, яғни Иранның одаққа кіруі Қазақстан үшін қай жағынан алса да тиімді болмақ. Себебі Иран арқылы тікелей Парсы шығанағына жол ашылады.

Марғұлан АҚАН

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button