Әлемде

Нью-Йоркте өзбек тіліндегі мектеп ашылды

3.6
(19)

«Нью-Йорктың Бруклин ауданында 19-қыркүйек күні ресми түрде өзбек тіліндегі «Ziyo Art» мектебінің ашылу салтанаты болды», – деп хабарлайды Өзбекстан СІМ.

Ашылу салтанатын Өзбекстан елшілігі мен Нью-Йорк қаласындағы «Mahalla USA» -өзбек ұйымы ұйымдастырған.

Елшіліктің мәліметінше мектеп 16 Avenue О, Brooklyn NY 11204 мекен-жайы бойынша орналасқан. Мектепте «Өзбек тілі мен әдебиеті», «Этика», «Бейнелеу өнері», «Шахмат» және «Математика» пәндері оқытылады.

Сенбі және жексенбі күндері өзбек тіліндегі сабақтарды кәсіби мұғалімдер беретін болады. Олар арнайы Өзбекстан жіберген оқулықтармен білім беруге тиіс.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.6 / 5. Бағалар саны: 19

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close