Әлемде

Тарихи оқиға: Ким Чен Ын Оңтүстік Корея басшысы мен халқынан кешірім сұрады

4.5
(8)

КХДР басшысы Ким Чен Ын шекара маңында шекарашылардың қолынан қаза тапқан шенеунік үшін ресми түрде Оңтүстік Корея басшылығы мен халқынан кешірім сұрады.

«Бұл туралы Оңтүстік Кореяның президент әкімшілігі хабарлады» деп жазады Yonhap агенттігі.

Ким Чен Ын өз үндеуінде Оңтүстік Корея халқы мен президент Мун Чжэ Иннің көңілін қалдырған бұл оқиғаға өкініш білдіретінін айтқан. Ким Чен Ын шекара маңында ешқашан болмауға тиіс қателік орын алғанын атап өткен.

Бұған дейін КХДР шекарашылары оңтүстік кореялық шенеунікті шекара маңында қолға түсіріп, бірнеше сағат тергеп, артынша атып тастағаны белгілі болған еді. Шекарашылар қаза тапқан шенеуніктің денесін өртеп жіберген. Бұл оқиға екі ел арасындағы шиеленісті арттырып жіберді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close