Әлемде

Екінші мәрте: Путин Құдайды ұмытпағаны үшін Нобель сыйлығына ұсынылды

3.9
(11)

Ресей президенті Владимир Путин Нобель премиясына ұсынылды. Бұл туралы 24-қыркүйекте белгілі болды. Ресей жазушысы Сергей Комков 10-қыркүйекте Путинді Нобель сыйлығына ұсынған өтінішті жібергенін мәлімдеді.

«Нобель комитетінде менің өтінішім түскен соң қызу жұмыс басталып кетті. Оны енді ешкім тоқтата алмайды», – деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Комков Путинді Нобель сыйлығына коронавируспен күресу үшін 27 елге көмек қолын созғаны және Ресей Конституциясына Құдай туралы өзгерістер енгізгені үшін ұсыныпты.

«Біз әлем халқын және өз отандастарымызды барынша белсенді болып, басшымызды қолдауға шақырсақ, Нобель комитетінің премияны беруден басқа амалы қалмайды», — дейді жазушы.

Бұл Путинді Нобель сыйлығына ұсыну бойынша екінші талпыныс. 2014 жылы әлемде бейбітшілікті сақтауға қосқан үлесі үшін Путин Нобельге ұсынылған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.9 / 5. Бағалар саны: 11

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close