Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпеуі мүмкін

 170 

Келесі жылға дейін коронавирус пандемиясы бақылауға алынбаса, Токио Олимпиадасы 2021 жылы да өтпеуі мүмкін, деп хабарлайды Newsroom +тілшісі «Хабар 24» сілтеме жасап.

Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах мәлімдеді. Естеріңізде болса, бұған дейін Халықаралық Олимпиада Комитеті мен жапон үкіметі 2020 жылға белгіленген Жазғы ойындарды коронавирусқа байланысты бір жылға кейін шегерген еді.

Жалпы, төртжылдықтың бас додасы тарихта бірінші рет кейінге қалып отырған жоқ. Мұндай жағдай Олимпиада ойындарының тарихында 5 рет болды.

Осы категория бойынша: « Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті жаңа жұмыс режиміне көшті Аты аңызға айналған теннисші Эшли Купер көз жұмды »

Бөлісу: