Әлем

Чубайс Ресейден көшті ме?

Анатолий Чубайс Ресей Президентінің халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнайы өкілі қызметінен кетті деп жазады Newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Анатолий Чубайс өз әрекеттерін Украинадағы соғыспен келіспеушілік деп түсіндірді. Ол Украинаға басып кіргеннен кейін Кремльмен байланысын үзген ең жоғары лауазымды тұлға болды.

«Коммерсант» сайты Чубайстың Ыстамбұлда болғанын растады.

Чубайс 2020 жылдың желтоқсанында Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі болып тағайындалды. Бұған дейін ол тоғыз жыл «Роснано»мемлекеттік корпорациясын басқарған.

Өткен аптада 2012-2018 жылдары Ресей үкіметінің вице-премьері болған Аркадий Дворкович Сколково қорының төрағасы қызметінен кетті. Бұл Дворкович ФИДЕ басшысы ретінде Украинадағы соғысқа қарсы сөйлегеннен кейін көп ұзамай болды. «Единая Россия» Бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак Дворковичтің бұл сөздерін «ұлттық сатқындық» деп атады және оны «Сколково» қорынан жұмыстан шығаруды «масқара»деп ұсынды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.