Әлемде

Қатаң жаза: Ресейдің тұтастығын бөлуге шақырғандар 10 жылға сотталады!

5
(2)

Ресейдің Мемлекеттік Думасы Ресейді бөлшектеу туралы ой айтқан, әрекетке барған азаматтарды әкімшілік және қылмыстық жазаға тарту туралы заңды бірінші оқылымда қабылдауды жоспарлауда. Бұл туралы 21-қыркүйек күні «Единая Россия» партиясының өкілі Андрей Исаев хабарлады.

Қазіргі таңда Ресей Думасы Конституция өзгергеннен кейін, басқа да заңдарды толықтырып жатыр.
«Заңдағы өзгерістер ең алдымен Ресейдің мемлекеттік тұтастығын бұзуға қатысты заң бұзған адамдарды жауапкершілікке тартуды күшейтеді. Жеке тұлғалар үшін айыппұл 60 мың рубль, ал заңды тұлғалар үшін 200 мың рубль, лауазымды тұлғалар үшін 500 мың рубль болмақ. Ал Ресей аумағын бөлшектегісі келген, сондай ой білдірген, әрекетке шақырған азаматтарды 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы да қаралған», — деді депутат.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close