Әлем

Голливудтық әйгілі актриса Канн фестивалінде қазақ қызының көйлегін киіп шықты

Канн кинофестивалі аясында Натали Портман басты рөлді сомдаған «Мамыр, желтоқсан» фильмінің премьерасы өтті. Премьера мен қызыл кілем үшін Голливудтық танымал актриса мұражайда сақталған Dior көйленін таңдады, деп жазады newsroom.kz ztb-qaz-ға сілтеме жасап.

Ең қызығы актриса Портман 1949 жылғы коллекциядағы винтажды көйлек көшірмесін киіпті. Дәл осы әйгілі образда бір кездері Кристиан Диордың музасы-қазақ қызы Алла Ильчун киіп шыққан еді. Бүгінгі таңда киімнің түпнұсқасы Метрополитен өнер мұражайында сақталған.

Естеріңізге сала кетейік, Алла Ильчун Қытайдың Харбин қаласында дүниеге келген. Оның әкесі-қазақ Қуантхан Елшин, анасы-орыс опера әншісі Тамара Михайлова.

Ильчун өз уақытында Dior сән үйінің ең жарқын моделі болған. Оны Кристиан Диордың музасы деп аталған. Атақты модельер Алла үшін әйгілі бейнелерді жасаған екен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.