АҚШ-та ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазға оқ атқан

 203 

Колорадо штатындағы Аврора қаласында ер адам одан бірнеше рет маска тағуын сұраған аспазды атып жіберген, – деп хабарлайды РИА Новости.

Оқиға Waffle House желілік кафелерінің бірінде алдыңғы аптада болған. Кафе қызметкерлерінің айтуынша, ер адам 14 мамырға қараған түні келген. Даяшы 27 жастағы Келвин Уотсонға егер ол маска тақпаса оған коронавирус пандемиясына байланысты қызмет көрсете алмайтынын жеткізген. Кафе тек жеткізу қызметі бойынша жұмыс істеген.

Бөлісу: