Әлемде

Жарты аралдан бір аралға: Қырымның экс-прокуроры Ресейдің Кабо-Вердедегі Елшісі болды

5
(3)

13 қазан күні Ресейдің алыс Африкадағы Кабо-Верде еліне Елшісі болып тағайындалған Қырымның бұрынғы прокуроры Наталья Поклонская осы материалға қоса беріп отырған суретін әлеуметтік желілерге жариялады.

Бұл туралы rbc.ru сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады.

Н.Поклонскаяның Кабо-Вердеге Елші болғанына Украина билігі наразылық танытқан. «Мемлекетке опасыздық» жасады деп айыптап жатқан Киев тарапы Прая билігіне 2014 жылы Қырымның Ресейге өтуіне байланысты жаңа елшінің «қылмыстық істері» туралы мәлімдеген. Поклонскаяның өзі болса, Киевтің бұл әрекетін «халықаралық нормаларды» сақтамау деп бағалаған.

Н.Поклонская 1980 жылы Украинаның сол кездегі Ворошиловградск қазіргі Луганск облысында дүниеге келген. 1987 жылы ата-анасымен Қырымға көшкен. Туысқан ағасы Анатолий Дубровский кісі қолынан қаза тапқан соң, құқық қорғау саласын таңдап, прокуратураға жұмысқа орналасқан. 2014-2016 жылдары Қырымның прокуроры лауазымын атқарған. 2016-2021 жылдары Ресей Думасының депутаты болған.

Кабо-Верда Африкадағы аралды ел. Халқының саны жарты млнды құрайды. Ел астанасы – Прая қаласы. Қырым жартыаралынан Праяға дейін 6346, ал Мәскеуден Праяға дейін 6846 шақырым.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button