Әлемде

Жапаров жемқорларға: ұрлаған қаржыны қайтаруға 30 күн беремін, әйтпесе…

4.2
(58)

Садыр Жапаров 30 жыл бойы энергетика, кеден және салық саласы, медицина мен лиценция беру және басқа салаларда жемқорлық жайлағанын айтты.

«Қылмыстық әрекетке барып, қарапайым халықтың атынан күн көрген жемқорларға, түрлі компанияларда үлесі бар бұрынғы шенеуніктерге, ірі кәсіпорындардың акцияларын заңсыз иемденген шенеуніктерге, салықтан жалтарған кәсіпкерлерге, министрліктер мен департамент басшыларына, кеденшілер мен қаржыгерлерге 30 күн уақыт беремін. Мен сендердің шынайы ақпаратты көрсетіп, барлығын нақты айтуларыңды қалаймын. Барлық заңсыз иемденген дүниелеріңді мемлекет қазынасына қайтаруды талап етемін!» – деді ол.

«Одан басқа ештеңе керек емес! Әзірге мен сендерге мүмкіндік пен уақыт беріп отырмын. Жақында экономикалық амнистия жариялауға құқықтық база дайындалады. Сол жерде қаржы, жылжымайтын мүлікті заңдастыруға мүмкіндік болады. Егер сендер ол мүмкіндікті пайдаланбай, экономикалық амнистияны көзге ілмесеңдер, онда заң аясында ең қатал шешімдер шығарылады.

Біз сендердің барлық мүліктеріңді анықтаймыз, оған мен уәде беремін. Экономикалық амнистия бір рет қана болатынын ескертемін, екінші мүмкіндік болмайды. Сондықтан барынша ойланып, дұрыс шешім қабылдайсыздар деген үміттемін. Өз капиталдарыңды заңдастырып, сол бойынша салық төлеу мүмкіндігі ашылады. Инвестицияны ел ішіне құйыңыздар. Ашық көрсетілген мүлік пен қаржыға тиіспейтініне кепілдік беремін. Барлық жазадан құтылады. Мүлік пен қаржыны ерікті түрде көрсеткен азаматтардың құпиялылығы сақталатын болады», – деді Жапаров.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.2 / 5. Бағалар саны: 58

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close