Әлем

Президентпен екі рет қана телефонмен сөйлестім: Киев мэрі Кличко

Украина Президенті мен Киев әкімі. Соғысқа дейін ЗЕ мырза Кличконы қызметінен алмаққа күш салды.

Бірақ халық сайлаған мэр беріспеді. Соғыстың 4 айы өтті. Соғыстың Төтенше жағдайында Президент Әкімді бір бұйрықпен қызметтен қуа алады. Кличко орнында. Киевтегі гүлдер біздің астанадан да көп ау. Коммуналдық қызмет тоқтаусыз қызметін үйлестіруде. “Соғыстың 4 айында Президентпен екі рет қана телефонмен сөйлестім”,- дейді Кличко. Әр Басшы өз орнында. Өз міндетін жауапкершілікпен атқаруда. Украина Қорғаныс министрі Резников та, қолбасшы Колужныйға қару, әскер, қаржы жеткізем, соғысу офицер шеберлігі дейді.

Міне, әркім өз орнында отырса Ел көгереді. Бізде мысалы Қант жоқ! Соны ауыл министрі Қарашөкеев бір бұйрығымен шеше алады. Бірақ шешпейді. Жоғарыға жалтақтайды. Жауапкершілік алғысы келмейді. Бір күн болса да Министр тағында отырсам дейді. Сондай жағдай!

Негізі бізде де Мемлекеттік мүддені жоғары қойып, Президентке жалтақтамай, жауапкершілікті мойнына алып Министрлік қызметпен қош айтысқан Азаматтар болған! Сондай арлы министрлер көбейсін, алдағы уақытта!!!

 

Махат САДЫҚ,

танымал журналист, Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.