Әлем

Путин ҰҚШҰ әскерін Украинаға әкетуге тырысып жатыр

В.Путин бастаған Ресей үкіметі соғыстан жеңіліп жатқанын сезіп, жан-жақтан барынша қосымша күш тартуға тырысып жатыр. Тіпті, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдерді әскер беруге көндіруге тырысып бағуда деп хабарлайды Newsroom.kz порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы Украина президент кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк  жазды.

«Ресей жан ұшыра көмек іздеп жатыр. Тынық мұхиты маңындағы күштерін Украинаға тартып, ҰҚШҰ әскерін соғысқа қосуға көндіруге тырысып жатыр. РФ қазір ауыр артиллерияны іске қосты. Бейбіт тұрғындарды қынадай қырып, Қанжар мен Бастион бомбаларын тастап жатыр» деп жазды Подоляк Twitter-де.

Айта кетсек, Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болса, Украинаға әскері мен әскери техникасын жібермейтінін бірнеше рет мәлімдеген

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.