Әлем

Моңғолияда ковидтан жануарлар қырылып қалды

«Дельта-штамм» белгілері табылған жануарларда көзден жас ағу, мұрыннан су кету секілді адамдарға тән аурудың белгілері анық байқалған.

Қытайлық Синьхуа агенттігінің хабарлауынша Моңғолияда ковидтан екі құндыз (бобер) қайтыс болған. Қалған жетеуінен «дельта-штаммның» белгілері табылған деп жазады newsroom.kz порталы.

Өлген жануарлар Ұлан-Батыр қаласындағы қоршаған ортаны қорғау басқармасына қарасты құндыздарды көбейту орталығында сақталған. «Дельта-штамм» белгілері табылған жануарларда көзден жас ағу, мұрыннан су кету секілді адамдарға тән аурудың белгілері анық байқалған. Жөтеліп қоймаған құндыздарға арнайы медициналық көмек көрсетілген соң жазылып кеткен.

Ковидтан қайтқан жануарлар тек бұлар емес. Мәселен, өткен айда Үндістанның Ченнай қаласындағы тоғыз жасар арыстан өзге тоғыз тұқымдастары ковид жұқтырған соң, ПТР тесті оң сынама көрсетіп, араға аз уақыт салып өліп қалған болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.