Әлемде

Пермь университетіндегі атыстан 8 адам қаза тапты

0
(0)

Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», – деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз.

Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алды. Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры Павел Бухтояров аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқыққорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button