Әлемде

Армян генералы: соғыстың бесінші күні ұрыс даласынан 1500 сарбаз қашып кетті

4.5
(13)

Армения қарулы күштері Бас штабының экс-басшысы, әскери аға инспектор, генерал Мовсес Акопян екінші Қарабақ соғысына қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Report сайты.

Оның ойынша Армения тарапы таратқан жалған ақпарат пен өтірік 44 күннің ішінде елді үлкен дағдарысқа әкелген.

“Қалыптасқан жағдайға байланысты 5-қазан күні мен Қорғаныс министрлігінің аға инспекторы лауазымынан кетпек болдым, алайда өз шешімімді майдан даласындағы қиян-кескі ұрысқа байланысты жария етпедім «, – деді ол.

Кеше Мовсес Акопян өз еркімен қызметтен кетті. Оның ойынша Қарабаққа еріктілерді жіберу бойынша нағыз қате шешім қабылданған. Ерікті жасақтар қай аймаққа барып, қалай соғысатынын өздері шешкен, нәтижесінде жеңіліс тапқан.

«Соғыстың бесінші күні 1500 адам ұрыс даласынан қашып кетті, олар Арменияға барып, дүрбелең туындатпауы үшін оқшауланды. Оларды соғысқа жіберген сәтте дұрыс бағыттамаған еді. Қорғаныс министрлігінің ақпараттық орталығының мақсаты жауды алдау болатын. Ол үшін ақпарат арасына 30% өтірік қосу керек еді, алайда Армения Қорғаныс министрлігінің таратқан ақпараты 100% өтірік болып шықты», – деді Акопян.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 13

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close