Әлемде

Қытайда мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды

5
(3)

Қытайдың Ухан қаласында импортталған мұздатылған сиыр етінен коронавирус анықталды. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері айтты, – деп Newsroom+ақпарат агенттігі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөз мәліметінше, ет Уханға Бразилиядан Тяньцзинь кедені арқылы 25 қыркүйекте әкелініп, тоңазытқышқа салынған. Жалпы салмағы 27 тонна болатын мұздатылған сиыр етінің 1313 блогынан коронавирус табылып отыр.

Қазіргі уақытта осы жағдай бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал жергілікті билік өкілдері қажет тауарларды мөрлеп, қоймаларды дезинфекциялап жатыр.

Бұған дейін Ухан билігі қала бойынша барлық импортталған мұздатылған азық-түлік өнімін мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Еске салайық, мұның алдында 20 елдің азық-түлік пакеттерінен коронавирус анықталғаны хабарланған еді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close