Әлемде

Қытай коронавирусқа байланысты Қазақстанмен шекарада тексеру шараларын қатаңдатты

0
(0)

Қытай коронавирусқа байланысты Қазақстанмен шекарада жүк пойыздарын тексеру шараларын қатаңдатты. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі   Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының мемлекеттік комиссиясы COVID-19 таралуын болдырмау үшін жүктерді қабылдау және қайта тиеу кезінде бақылау шараларын қатаңдатты. Комиссия шешімімен енді бақылаушы органдар әрбір вагондағы жүктердің сынамасын алады, контейнерлер міндетті түрде зарарсыздандырылып, өңделуі тиіс. Қаптардағы өлшенген астықты қабылдауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда, өйткені қазір әр вагонды ғана емес, әрбір қап тексерілуде», – делінген хабарламада.

Коронавирусқа күнде ПТР-тест тапсыру міндеттелгендіктен, жүктерді қайта тиеуде жүк тиеушілер саны азайып қалған. Сонымен қатар, Қазақстаннан келген пойыздарды шекарада бақылау уақыты артты.

 «Мұның барлығы жүктерді кең табанды вагондардан тар табанды вагондарға уақытылы қайта тиеуді қамтамасыз ете алмауға алып келді. Осы жылдың 15 қарашасынан Қазақстаннан келген пойыздарды қабылдау тәулігіне 15-16 пойыздан 10-11 пойызға дейін қысқарды. Осыған байланысты Қазақстан темір жолы желісі бойынша Қытай бағытына тиелген вагондар (10 мың вагоннан астам) саны артты, 6,5 мың вагонның қозғалысы тоқтатылды», – деп мәлімдеді ҚТЖ-Жүк тасымалынан.

Қытаймен шекарадағы қиындықтарға байланысты Қазақстан темір жолы тиісті шаралар қабылдады.

Осы жылдың 23 қарашасынан 30 қарашасына дейін Достық-Алашаңқай түйіспесі арқылы Қытай бағытына, жұмыркесек үшін жартылай вагондар мен контейнерлерден, биг-бэгтердегі жүктерді қоспағанда, өзге жүктерді тиеуге тыйым салынды.

Бұдан бөлек, 24 қарашадан 4 желтоқсанға дейін жүк контейнерлерін қоспағанда, өзге транзиттік жүктерді тасымалдауға тыйым салынады.

ҚТЖ жағдай өзгерген кезде бұл тыйым шаралары алынып тасталатынын хабарлады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close