Әлемде

Әзербайжан халықаралық ұйымға төрағалық ететін болды

0
(0)

13-14 шілдеде Әзербайжанның төрағалығымен «Әлемдік сынақтарға қарсы күрестегі көпжақты күштер ауқымындағы Қосылмау қозғалысы» тақырыбында Қосылмау Қозғалысының министрлік аралық конференциясы өтті.

Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі жазады.

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты қозғалыс мүшелерінің Баку саммитінен кейінгі жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте қол жеткізген жетістіктері және осы бағытта одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау болды. Сыртқы істер министрлері деңгейінде 33 елдің өкілі болған конференцияға ҚҚ мүшелері мен бақылаушы елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері де қатысқан.

Қосылмау қозғалысына үш жылдық төрағалығы 2022 жылы аяқталатын Әзербайжан тарапы Қозғалыстың келесі төрағасы болуы керек Уганда бір жылдан кейін төрағалықты қабылдай алады деп жариялағаннан кейін Қозғалысқа мүше елдер Әзербайжан төрағалығын тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдаған.

Халықаралық қосылмау қозғалысы 1961 жылы Белград конференциясының негізінде құрылған. Оның түпнегізіне 1955 жылы Индонезияның Бандунг қаласында өткен Халықаралық конференция болды. Аталмыш ұйымның бастауында Иосиф Броз Тито, Джавахарлал Неру және Гамал Абдель Насер тұр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button