Әлемде

Қиын жағдай. Еуропада ресейлік көліктердің сатылымы төмендеп кеткен

1
(1)

2021 жылдың алғашқы алты айында Еуропадағы ресейлік көліктердің сатылымы күрт төмендеп кеткен.

Бұл туралы acea.auto сілтеме жасаған newsroom.kz тілшісі хабарлайды. Соңғы деректерге сүйенсек, биылғы жылды алғашқы алты айында Lada маркалы 741 көлікті еуропалықтар сатып алған.

Бұл өткен жылға қарағанда 35 пайызға төмен көрсеткіш. Мәселен, 2020 жылы Еуропада 1 147 ресейлік көліктер сатылған. Еуропада Lada маркалы көліктер Қазақстанмен салыстырғанда тым аз сатылады. Мысалыға 2021 жылдың маусым айында 126 Ресей көлігі ғана сатылған. Еуропада тек Лада маркасы ғана өтімсіз емес. Француздардың Alpine маркасы да осы маңнан табылады. Биылғы жылдың басынан бері франциялық бренд небәрі 903 көлік сата алған.

Осыған қарамастан Lada Ресейдегі ең өтімді брендтердің бірі. 2020 жылы 343,5 мың көлік, 2021 жылы 200,2 мың көлікті ресейліктер сатып алған.  

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button