Әлем

Жұрттың баласы! Украин депутаты өз Парламентіне Қазақстанның туын киіп келді

Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтауға шақырды.

Украиналық депутат Сергей Нагорняк Жоғарғы Рада отырысына Қазақстан туының символикалары бейнеленген киіммен, қазақтың ұлттық шапанын киіп келді, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ақпарат агенттігі. 

Сергей Нагорняк Украинаның Жоғарғы Радасына Черкасск облысының атынан сайланған. «Халық қызметшісі» фракциясының мүшесі, Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының жетекшісі.

16 желтоқсанда өткен Жоғарғы Рада отырысында депутат сөз алып, әріптестерін Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтауға шақырды.

«Бүгін көпшілік менің киімдеріме назар аударды. Бұл кездейсоқ емес. Бүгінде ол біздің достас мемлекетіміз – Қазақстанның мемлекеттік символикаларымен безендірілген. Бүгін Қазақстан тәуелсіздік алғанына 30 жыл толуын атап өтуде. Мен оларды Жоғарғы Рада атынан құттықтағым келеді. Бүгінгі таңда біздің сауда балансымыз бір миллиард доллардан сәл аз. Біз оны екі-үш есе емес, он есе ұлғайта аламыз деп ойлаймын. Біздің достық тобымыз бүгінде парламенттің 40 депутатынан құралған. Осы орайда бәріміз  қазақ достарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз», – деді Сергей Нагорняк.

Айта кетейік, Украинаның “Халық қызметшісі” партиясы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясымен тығыз әріптестестік байланыс жасап келеді.

Жоғарғы Рада депутаты Сергей Нагорняк “Ақ жол” партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевқа да Қазақстан Тәуелсіздігі мерекесімен арнайы құттықтау жолдады.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.5 / 5. Бағалар саны: 25

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.