Әлемде

Түркия Әзербайжанға әскер жібереді

4.3
(22)

Түркия Парламенті ел президенті Тайып Ердоғанның Әзербайжанға әскер жіберу туралы жарлығын мақұлдады. Бұл туралы  түркиялық NTV арнасы хабарлады.

Ел басшысының ұсынысын билік басындағы «Әділет және даму партиясы», «Республикалық халықтық партия», «Жақсы партиясы» мен «Ұлттық бірлік партиясы» қолдаған.

Әзербайжанға Түркия әскерін жіберу туралы жоба меморандумы қаралымға 16-қарашада ұсынылған еді. Құжатқа сай әскерилер бір жыл бойы Баку мен Ереван арасындағы тыныштықтың сақталуын қадағалайды. Ресей СІМ Сергей Лавровтың айтуынша Түркия әскері Қарабаққа кірмей, жағдайды Әзербайжанның ішкі аумағынан бақылайды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.3 / 5. Бағалар саны: 22

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close