Әлем

Сеулде әлемдегі ең үлкен аттракцион салынбақ

Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулде Солтүстік Кореядан көрінетін әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі салынады. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасай отырып жазады.

«Сеул сақинасы» аттракционының биіктігі 180 метрді құрайды. Ол жаңа технология бойынша салынады: вагондар дөңгелекте айналуы үшін ортасында өтетін кабельдер қажет емес. Сондай-ақ, доңғалақ қайта өңделген энергиямен жұмыс істейтін болады. Аттракцион орналасқан Ханиль саябағы елдің солтүстік шекарасына жақын және сәйкесінше Солтүстік Кореяға жақын.

Дөңгелекті салу арқылы Оңтүстік Корея үкіметі «біртұтас Корея мен ұлттық бірлікке деген ұмтылысын көрсетпек». Құрылысы 2025 жылдың маусымында басталып, 2027 жылға дейін аяқталады деп жоспарлануда. Жоспар бойынша аттракционның құрылысы аяқталған соң, 25 адам сыятын 36 вагон болады. Сондай-ақ ол тәулігіне шамамен 11 792 адамды қабылдай алады.

Айта кетейік, қазір спицсіз ең үлкен айналмалы дөңгелек-Қытайдың Шаньдун қаласында орналасқан аттракцион. Оның биіктігі 145 метрді құрайды.

Фото: CNN

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.