Әлем

15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары Қазақстанға келеді

Қазақстанда 20 қарашада өтетін президенттік сайлауға 15 елдің сайлау комиссиясының төрағалары келеді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтып берді.

«Сайлау науқаны басталғалы Орталық сайлау комиссиясының 25 отырысы өтті, олар аумақтық сайлау комиссияларының, уәкілетті мемлекеттік органдардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен онлайн өткізіліп келеді. Тікелей интернет-трансляциялар жүргізіледі. Барлық отырыстарға халықаралық байқаушылар шақырылады. Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасир Абузейд аккредиттеуге бірінші болып құжат тапсырды. Сонымен қатар, Мажарстан, Германия, Индонезия, Канада, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Швеция, Эстония сияқты елдердің елшілері, Армения, Беларусь, Ұлыбритания, Ирак, Иран, Қытай, Қырғызстан, Нидерланды, Ресей Федерациясы және Таиланд елшіліктерінің қызметкерлері аккредиттелген», – деді Н. Әбідров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне арналған брифингте.

Оның айтуынша, екіжақты ынтымақтастық желісі бойынша алдағы сайлауды бақылау үшін 15 елдің Орталық сайлау комиссияларының өкілдері, оның ішінде Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Орталық сайлау комиссияларының төрағалары келеді.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне алдағы Президент сайлауына дайындық туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

Президенттік сайлауға 10 101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Сайлаушылар тізіміне 11 миллионнан астам қазақстандық енді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.