Әлем

Мирзияев мықты: шетел көлігі үшін кеден алымын 3 күнде азайтуды тапсырды

“Оператор РОП” компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған еді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев үкіметке шетелден әкелінетін автокөліктің кеден алымын 30-дан 15 пайызға дейін түсіру жөнінде жобаны үш күнде әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, Шавкат Мирзияев автокөлік жасайтын сала басшыларына автомобиль бағасын 5 пайызға арзандатып, импорт алмастыруды 100 миллион долларға жеткізуді, автомобиль өндірісін локализациялауды 48%-дан 56%-ға көтеруді міндеттеген.

Сонымен қатар 336 миллион долллар инвестициялық жобаны игеріп, Tracker және Onix автомобиль өндірісін іске қосуды, жаңа двигатель өндірісін жолға қоюды тапсырған.

Президент баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, үкіметке биыл 1 мамырға дейін автокөлік кезегін толығымен жойып, UzAuto Motors көліктеріне алдын ала төленетін қаржыны 85%-дан 50%-ға түсіру мәселесі жүктелген.

Биыл қаңтар қырғынынан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден келетін көліктердің және өзге де техника мен заттардың утилизация алымын жинайтын “Оператор РОП” компаниясының жұмысын тоқтатуды бұйырған еді.

Бұл компанияның бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға қатысы бары айтылады. Бұған дейін билік утилизация алымын жинайтын “Оператор РОП” компаниясына кейінгі бес жылда 691,9 млрд теңге қаражат түскенін айтқан.

Шетелден әкелетін көліктерге кеден алымын азайту, утилизация алымын алып тастау жөнінде Қазақстанда бірнеше жылдан бері түрлі талап айтылған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.