Әлемде

Газадағы ХАМАС жетекшісінің үйі қирады

0
(0)

ХАМАС содырлары күн-түн демей Израилге ракеталарын жаудырып жатыр. Оған жауап ретінде Израиль де Газа секторына жаңа соққы жасады. 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан бұл шайқастың нүктесі әлі қойлыған жоқ. 

Израиль әскерилерінің хабарлауынша, соққыларының бірі ХАМАС радикалды топтарының көшбасшысы Яхьи Синвардың үйіне түскен. Бұл кезде үйде адамдардың болған-болмағаны анықталып жатыр.

Газа секторында жексенбі таңда 33-тен көп адам қаза тапқан болуы мүмкін. Жалпы алғанда қайтыс болғандар саны 181-ге жетті. Оның ішінде балалар да бар. Олардың саны – 47.

Израиль 10 шақты адамның және 2 баланың қайтыс болғаны туралы айтты.

Израиль премьер-министрі қарсы жауап ретінде соққы беруін тоқтатпайтынын, қанша соққы керек болса, сонша күш жұмылдыруға дайын екенін ескертті.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button