Әлемде

Түрік азаматына тұрмысқа шыққан қызды қайын атасы бауыздап, денесін бөлшектеп тастаған

3.4
(114)

Түркияны дүр сілкіндірген оқиға Текирдаг қаласында орын алды. 12 қазан күні орын алған қайғылы оқиға нәтижесінде, 31 жастағы Аят Адсизды (Мурзалиева) өзінің қайын атасы өлтіріп, артынан денесін бөлшектеп тастаған.

Айта кететін жайт, Аят Мурзалиева Қырғызстан азаматы. 65 жастағы зейнеткер Фехми Адсыз кешкі сағат 21.00 шамасында екі немересінің анасы, өзінің келінімен сөзге келіп қалады да, пышақтап тастайды. Артынан денеден құтылу үшін арамен бөлшектеп шығады. Көлігінің жүк салғышына салғанымен үйге келіп қалған марқұмның енесі полиция шақырып үлгереді. Марқұмның күйеуі текстиль фабрикасында күзетші болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға күні ол жұмыста болған.

Зейнеткер қылмыс себебін келіні екі немересін жиі сабағаннан деп түсіндірген. Сол үшін оны өлтіруге шешім қабылдадым деген ол тергеу барысында. Қайтыс болған келіншектің туыстары оның денесі елге қайтарып жерлемек ниетте.

Қайғылы оқиға орын алардан екі күн бұрын марқұм 30 жасқа толған. Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ол бәрі жақсы болады, өмір енді басталады деп жазған екен.

Иманды болсын!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 114

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button