Әлемде

Жапон сарапшысы: Ресеймен бейбіт келісім арқылы мәселені шеше алмаймыз

5
(1)

Жапония ЛДП партиясының жаңа төрағасы Ёсихидэ Сугидің келуімен геосаяси қиындықтарға тап болады. Сыртқы саясатта жаңа премьер бірқатар кедергілерге тап болуы мүмкін.

Бұл туралы JB Press басылымына берген сұхбатында «Масудзоэ саяси-экономикалық зерттеу институтының» директоры Ёити Масудзоэ мәлімдеді.

Сарапшының айтуы бойынша қазіргі таңда Жапония сыртқы саясатта біраз өзгерістер жасайды. Жаңа басшы Сугидің Синдзо Абэ сынды дипломатиялық харизмасы жоқ, бұл үлкен саясатта аса маңызды қасиет.

Сарапшының oйынша «Ресей-Жапония қатынасын құру өте қиынға соғады».

«Абэнің көпвекторлы саясаты келмеске кетті. Территорияны анықтау бойынша шешілмеген өткір мәселелер қалды. Ресей конституциясындағы өзгерістер оны барынша агрессиялық саясатты ұстануға итермелейді. Келісімді күтуге болмайды. Ресей барынша әскери позицияны ұстануға тырысады. Бейбіт келісім арқылы мәселе шешілмейді», — деді Масудзоэ.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close