Әлем

Әзербайжан ғалымы Түркі академиясын басқаруға келді

2022 жылы 11 қарашада Самарқандта өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Шаһин Маджид оглы Мустафаев Халықаралық Түркі академиясының жаңа президенті болып тағайындалды, деп newsroom.kz хабарлайды twesco.org дереккөздеріне сүйене отырып.

Шаһин Мустафаев – Таяу Шығыс пен Орталық Азия халықтарының ортағасырлық тарихы мен мәдениетінің белгілі маманы.

1962 жылы Баку қаласында дүниеге келген. 1984 жылы Баку мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген соң өмірін академиялық ғылыммен байланыстырды. Мәскеудегі КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтында аспирантураны сәтті аяқтап, 1990 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Шаһин Мустафаев Бакудегі Шығыстану институтының ғылыми қызметкері ретінде орта ғасырлардағы Жібек жолы бойындағы Шығыс елдерінің этномәдени және саяси қарым-қатынастарын зерттеумен айналысты. Ол ЮНЕСКО-ның «Хираяма-Жібек жолы» он жылдық бағдарламасының қатысушылары мен жеңімпаздарының бірі болды, сонымен қатар Австрия, Германия, Франция, Мажарстан, Иран, Түркия, Қытай, Ресей, Үндістанда Бразилия және басқа елдерде өткен көптеген ғылыми-практикалық конференцияларға қатысты. Ол сондай-ақ бірқатар елдердің атақты орталықтары мен университеттерінде, атап айтқанда, Түркиядағы Ыстанбұл университетінде, Ұлыбританиядағы Оксфорд исламдық зерттеулер орталығында, АҚШ-тың Индиана университетінде, Франциядағы Жоғары қалыпты мектепте (Париж – École normale supérieure) ғылыми зерттеулер жүргізді.

2007 жылдың аяғында Шаһин Мустафаев Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институтының директоры болып сайланып, алты жыл бойы институтты табысты басқарды. 2013 жылдан бастап осы күнге дейін Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Шығыстану институтында түрлі басшылық қызметтерді атқарған.

2017 жылы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі атанған ол Әзербайжан мен Орталық Азия елдері арасындағы, оның ішінде ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламалары аясындағы ғылыми байланыстарды дамытуға белсенді түрде ықпал етіп келеді.

Ол 6 кітап пен монографияның, сондай-ақ 100-ден астам ғылыми мақалалардың авторы.

Әзербайжан, түрік, ағылшын, орыс, парсы тілдерін еркін меңгерген.

Халықаралық Түркі академиясының ұжымы Шаһин Мустафаевты ұйымның президенті болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жаңа бастамаларына сәттілік тілейді!

Фото: twesco.org

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.