Әлемде

Қырғызстан Ресейге қосыла ма: мәселе талқыланып жатыр

3
(2)

Қырғызстанда Ресей құрамына кіру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы видеосұхбат кезінде Мәскеудегі қырғыз диаспорасының төрағасы, Қырғызстанның Ресейдегі экс-елшісі Райымқұл Аттакуров «Правда.ру» порталына мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тарихи тағдырымыз бізге бірге болуды жазған. Ғасырлар бойы біз біргеміз. Біздің ортақ тарихымыз бар және болашағымыз да ұзақ болады деп үміттенеміз. Қазір көптеген қырғыздың Ресей Федерациясына республикалардың бірі ретінде қосылуға ұсыныс жасау туралы ойы бар», – деді Аттакуров.

Қырғызстанда мұндай әңгімелер шынымен бар ма деген сұраққа бұрынғы елші: «Иә, Қырғызстанда бұл бар» деп жауап берді.

«Бұл жерде диаспоралық жұртшылық арасында да осындай мәселе туындайды және талқыланады. Әрине, мұны дереу және жылдам іске асыруға болмайды. Бірақ, менің ойымша, бұған бару керек, өйткені өмірдің өзі бізді бірлікке итермелеп тұр», – деді ол.

Сондай-ақ, Аттакуров «Қырғызстан – бұрынғы КСРО республикаларының арасындағы орыс тілі мемлекеттік, конституциялық тіл мәртебесіне ие жалғыз ел» екенін атап өтті.

«Мұны халықтың өзі қолдап отыр. Әрине, біздің Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуымыз көптеген бағытқа оң әсер етеді», – деді Ресей Президенті жанындағы Ұлтаралық қатынастар жөніндегі комиссияның сарапшысы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close