Әлем

Қытайда коронавирус қайта өршіді

Қытайда осымен үшінші тәулік қатарынан коронавирустың күрт өсуі байқалып отыр, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Almaty.tv сайтына сілтеме жасап.

Қытайлық БАҚ-тың ақпаратынша, соңғы күндері құрлықтық Қытайда коронавирус жұқтырған адамдар саны көбейген. Көбісінде ауру симптомдары жоқ.

Коронавирус жұқтырудың жоғары тәуліктік көрсеткіші 2020 жылдың басында ауру алғаш тіркелген кездегі көрсеткіштен асып түскен.

COVID-19 таралу ошағы кем дегенде Қытайдың 17 провинциясында, автономды аудандары мен орталыққа бағынатын қалаларында тіркелді. Олардың арасында Бейжің, Шанхай және Гуанчжоу бар.

9 миллион халқы бар Чанчунь қаласында толық оқшаулау режимі енгізілді. Барлық білім беру мекемесі, сауда орындары мен қоғамдық мекемелер жабылды. Кейбір супермаркеттер мен дәріханалар ғана ашық. Қалалық қоғамдық көлік жұмысы толығымен тоқтаған.

ҚХР мемлекеттік денсаулық сақтау істері комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте құрлықтық Қытайда 476 адамның вирус жұқтырғаны расталды. 1 048 симптомсыз ауру жағдайы тіркелді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.