Әлем

Әлемдегі ең үлкен контейнерлік кеме Шанхайға қолданысқа берілді

China Shipbuilding тобының еншілес компаниясы Hudong Zhonghua салған сыйымдылығы 24 116 ультра үлкен контейнерлік кемелер сериясының алғашқы кемесі «Mediterranean Tessa» Чжунмаосин кеме жасау базасына табыс етілді, деп Newsroom.kz хабарлайды Kaz.people.cn дереккөздеріне сүйене отырып.

Қазіргі уақытта бұл әлемдегі ең үлкен контейнерлік кеме, ол 2022 жылғы маусымда табысталған 24 000 контейнерлік «Чаньи» кемесінің сыйымдылығын бұзып, Қытайдың әлемдегі ультра үлкен контейнерлік кемелер жасау саласындағы жетекші мәртебесін одан әрі нығайтады.

Кеменің жобасын Hudong Zhonghua жасаған, ол толығымен тәуелсіз зияткерлік меншік құқығына ие және ол норвегиялық жіктеу қоғамында тіркелген. Кеменің жалпы ұзындығы 399,99 метр, ені 61,5 метр, тереңдігі 33,2 метр. Тиеу қабаттарының максималды саны 25 қабатқа жетеді, бұл 22 қабаттық ғимараттың биіктігіне тең. Ол 240 000 тоннадан астам жүк тасымалдап, бір уақытта 24 116 стандартты контейнерді жүктей алады. Яғни ол теңіздегі аты затына сай «жүк патшасы».

Кеме аэродинамикалық кедергіні азайту жүйесін алғаш рет қолданып отыр. Ол кеменің жалпы энергия шығынын тиімді төмендетіп қана қоймай, сонымен қатар көмірқышқыл газының жалпы шығарындыларын 3-4%-ға азайтады. Бұл көмірқышқыл газының шығарындыларын жыл ішінде шамамен 6 000 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

Фото: Kaz.people.cn

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.