Әлем

Сұмдық! Ресейде 12 жастағы ұл баладан әскери есепке тұруды талап еткен

Ресейдің Красноярск өлкесі Канск қаласында әскери комиссариаттан 12 жастағы ұл балаға шақырту келген. Құжаттың көшірмесі «Вконтакте» желісіндегі «ЧП Канск» тобында жарияланды, деп newsroom.kz хабарлайды kz.redtram.com дереккөздеріне сүйене отырып.

Шақыртуда баланың әскери комиссариатқа барып, алғашқы тіркеуден өтуі тиіс екені жазылған.

«Жағдай мынадай: 12 жастағы балаға Канск әскери комиссариатынан шақырту келген…. Егер қателеспесем, тіркеуге 16-17 жастан ала бастайды. Баланы неге әскери комиссариатқа шақырып, тіркеуге тұруды сұрап отыр? Әлде бірдеңе өзгерді ме?» деп жазды жазба авторы.

Жергілікті NGS24.ru сайтының жазуынша, шақырту қағазына А.Киселев есімді адам қол қойған. Бұл сол аймақтағы әскери комиссар Александр Киселевтің аты-жөнімен сәйкес келеді. Шақырту қағазында көрсетілген әскери комиссариаттың мекенжайы да мекеменің адресімен сәйкес келеді.

Ресейдің «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңына сәйкес, елде 17 жасқа толған ер балалар 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында әскери тіркеуге алынуы тиіс.

Фото: dw.com

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.