Әлем

Румынияда білім алып жүрген қазақ жастары

Қазіргі таңда Румыния елінде білім алып жатқан жастар саны жыл санап артып келеді деп жазады newsroom.kz порталы.

Ерлан Шаншархан – Румыния елінде білім алған қазақ жастарының бірі. Оның айтуынша қазіргі таңда Румыния елінде білім алуға келетін қазақстандықтар саны жыл санап артып келуде. Қазақ жастары Еуропа елдерінде түрлі халықаралық бағдарламалар арқылы білім алып жүргенін айтып, шет елде білім алу аса қиын еместігін айтады.

Еуропа елдерінде білім алу аса қиын емес. Тек мықты дайындық пен өзіңе деген нық сенімділік болса жеткілікті. Еуропа елдерінде студенттерге қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар түрлі академиялық бағдарламалар арқылы басқа да шет елдік университеттерде білім алуға болады. Атап айтсақ, Erasmus+, Erasmus Mundus және т.б. бағдарламалар жетерлік. Дегенмен маған қатты ұнағаны, қала ішінде және қалааралық транспорттың студенттерге өте қолайлы болуы. Қоғамдық ортада студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылған, – деді Ерлан Шаншархан

Сонымен қатар біздің неліктен қазақ жастарының шет елде білім алғысы келеді деген сауалымызға, былайша жауап берді:

Менің ойымша – еркіндік. Иә, расымен де біздің жастар еркіндікті жақсы көреді. Сол арқылы олар өздерін шет елде еркін сезіне алады. Жалпы шет елде білім алудың артықшылықтары өте көп. Ең бірінші артықшылығы – ол адамға үлкен жауапкершілікті танытады. Жастар жауапкершіліктің не екенін түсіне бастайды. Себебі жаңа қоғам, жаңа орта – жаңа түсінік пен жаңа ойлау дағдысыны қалыптастырады, – деді отандасымыз.

Сонымен қатар Ерлан бізге шет елдегі қазақ жастарының студенттік өмірі жайлы да біраз қызықты ақпараттарымен бөлісті.

Білім – ол шекарасы жоқ үлкен күш! Білім – жер, ел, тіл таңдамайды. Егер кез-келген адам білім аламын десе, шекара асып, тіпті мұхит асып білім алуға мүмкіндігі өте жоғары. Белгілі бір қоғамда қысылып, ой өрісін тарылтып, менің қолымнан ештеңе келмейді деген түсініктен қашу керек деп ойлаймын. Мен Румынияда білім алдым, сонымен қатар түрлі академиялық бағдарламалар арқылы Чехия, Австрия, Венгрия және Тайвань елдерінде де білім алуға мүкіндік алдым. Сол бағдарламалар арқылы түрлі халықаралық іс-тәжірибен де өтудің  сәті түсті, – деді Ерлан Шаншархан.

Сұхбат барысында Ерлан Шаншархан Еуропада білім беру мен біздің еліміздің білім беру сапасы бойынша артықшылықтарымен де бөлісті.

Еуропада білім алу – ол ерекше шабыт береді. Ең негізгі талап – академиялық адалдық. Егер білім алғың келсе, шынайы түрде, практика жүзінде білім аласың. Менің білім алған ортам – тек шетелдік студенттерден құралған топ болды. Сонымен қатар мен шет елдік достарымнан көптеген тілдерді меңгеріп алдым. Ол – мен үшін үлкен тәжірибе болды. Қазіргі таңда мен 8 – ге жуық түрлі шет ел тілдерін меңгердім десем, артық емес, – деді Ерлан.

 

 

 

Тілші БАЛА

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.